2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 27/1 шешімі
(2023.18.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2023.18.04. № 2/1 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 3 190 633,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 853 789,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 13 376,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 7 000,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 2 316 468,0 мың теңге;
2) шығындар - 3 268 051,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 11 837,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттiк кредиттер - 31 050,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 19 213,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -89 255,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 89 255,7 мың теңге.
2. Әлеуметтік салық бойынша аудан бюджетіне кірістер бөлу нормативі -100 % екені белгіленсін.
3. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте 4 қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер қарастырылғаны ескерілсін.
4. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте 5 қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
5. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтерінің және ауылының бюджеттеріне 6 қосымшаға сәйкес нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.